Назарбаев университетінің студенті терезеден құлап кетті

Назарбаев университетінің студенті терезеден құлап кетті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыз 12-қабаттағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 15 тамызда болғаны айтылды, бірақ бұл туралы ақпарат енді белгілі болып отыр. Астана Полиция департаменті мәліметінше, 22 жастағы қыздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді полиция.

Назарбаев университетінің баспасөз қызметі өкілі кампус аумағында болған қайғылы жағдайды растады. 

"Университет марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Барлық қажет әрекет жедел қабылданды: төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, сондай-ақ, психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр", – деді университеттің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұл - кейінгі бір айда Назарбаев университетінде болған екінші қайғылы жағдай. 18 шілдеде жатақханадан бір студент қыздың мәйіті табылған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget