Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды

Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) Мемлекеттік саясат магистрі (MPP) және Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясына ие болды. Осылайша қазақстандық Университет NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламалары бар АҚШ-тан тыс әлемдік 13 оқу орнының бірі болып табылады.

NASPAA – Мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің халықаралық қауымдастығы-мемлекеттік және муниципалдық басқарудағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу саласындағы ең көне бірлестіктердің бірі. Бұл мемлекеттік басқару саласындағы жалпы танылған білім стандарты.

Бұл тамаша жетістік NU GSPP-дің Қазақстандағы және аймақтағы мемлекеттік саясат пен басқару саласындағы білім берудегі көшбасшы ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтады.

NASPAA аккредитациясы NU GSPP студенттеріне көптеген артықшылықтар береді. Ол – халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуға кепілдік. Құзыреттілікті NASPAA-мен сәйкестендіру NU GSPP түлектерінің талдау, синтез, сыни ойлау, мәселелерді шешу, дәлелді шешім қабылдау, тиімді коммуникация және қоғам мүддесі үшін қажетті дағдылар мен білімге ие болуын қамтамасыз етеді.

NU GSPP негізгі стратегиялық серіктесі, Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленген, Сингапурға тәжірибелік білім беру сапарын қамтитын оқу бағдарламасы магистранттарды табысты мансапқа дайындап, қоғамдағы өзгерістерге тиімді әсер етеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистр бағдарламалары EAPAA - Мемлекеттік басқару бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастығының -  толық аккредитациясын алды.

«Біз NASPAA және EAPAA-дан толық аккредитациясын алған екі магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі жалғыз оқу орны болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл ерекшелік біздің бағдарламаларымыздың жоғары сапасы мен қатаңдығын көрсетеді. NASPAA аккредитациясының арқасында біз Қазақстаннан және басқа елдерден мемлекеттік қызметкерлерің тартамыз деп үміттенеміз» деді Мектеп деканы Венг Тат Хуэй мырза.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (GSPP) туралы:

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат/басқару саласында жоғары сапалы білім беруді мақсат ететін Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттік саясат мектебі болып табылады. 2012 жылы NU GSPP ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Біз бірлесіп NU GSPP-нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. NU GSPP білім беруде Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.

Жарнама материал

Massaget.kz