Назарбаев университеті студентінің өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Назарбаев университеті студентінің өлімі: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Назарбаев университеті жатақханасынан мәйіті табылған студент қыздың өліміне қатысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, полиция бұл істі Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу") тергеп жатыр.

"Қылмыстық-процестік кодекс аясында ешқандай мәліметтер жарияланбайды. Тек полициямен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз", – деді министр.

Журналистер министрден "Оқиға студенттер арасындағы жанжал салдарынан болуы мүмкін бе?" - деп сұрады.

"Ештеңе айта алмаймыз. Тергеу аясында қосымша ақпаратты Полиция департаменті береді деп келісілген", – деді шенеунік.

Айта кетейік, 18 маусымда Назарбаев университетінің студенті жатақханадан өлі табылды. Университеттің баспасөз қызметі қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget