Назарбаев университеті Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі 516 миллион теңгенің мүлкін иеленеді

Назарбаев университеті Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі 516 миллион теңгенің мүлкін иеленеді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі бірнеше нысан Назарбаев университетінің еншісіне беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін", - деп жазылған ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысы жобасында.

Құжатта мүлікті оқу орнына беру бастамасы министрліктің есеп аудитіндегі былтырғы олқылықтарын жою үшін ұсынылып отырғаны айтылады.

Енді Назарбаев университетінің меншігіне жалпы сомасы 516 миллион 911 мың 331 теңге болатын мына нысандар өтеді:

  • 10 киловатт электрмен жабдықтау желілері - 26 434 теңге;
  • ТП-10/0 киловатт және КЛ 6-10 киловатт құрылысы - 24 267 667 теңге;
  • электрлік монтаждау жұмыстары - 13 217 230 теңге;
  • Астана қаласында 180 төсектік "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" КеАҚ жобалау-сметалық құжаттамасы - 345 200 000 теңге;
  • Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын "Республикалық диагностикалық орталық" АҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасы - 134 200 000 теңге.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz