Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен екі ел арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар сондай-ақ Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.
Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.