Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Сатыбалдыұлы үкімінің әділдігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса оған сенбеген адам қарсы болып, өзінің арызын беруі керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да сот жүйесі шешеді", - деді Назарбаев президент сайлауында дауыс бергеннен кейін.
2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлына сот үкімі шықты. Оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айырумен және тәркілеумен орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне алты жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!