"Назарбаев - қазақ даласына, сорымызға келген тұлға" - Ринат Заитов

"Назарбаев - қазақ даласына, сорымызға келген тұлға" - Ринат Заитов
Фото: коллаж

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Назарбаев - қазақ даласына, сорымызға келген тұлға. Кезекті тұлға десек те болады. Мен мұны 2008 жылдан бастап айта бастадым ғой. Әлі де айтамын", - дейді Ринат Заитов Airan media-ға берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, Ринат Заитов Назарбаевтың өзі кітабында айтқан екі ұлы туралы айтты. 

"Бәрі мүмкін. Егер қазақ қоғамы оларды қабылдап, олар Қазақстан ішінде еркін өмір сүре берсе де таңғалмаймын. Халық шешсін. Өзінің тағдыры ғой. Мен қазір не деймін? Атып тастасын деймін бе, қамап тастасын деймін бе? Жаңа Қазақстан, ескі Қазақстан деген әңгіме осы жерден шығады", - дейді депутат.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина