Танымал саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов Дінмұхамед Қонаев туралы естеліктерін айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың ақтық сапарына келмеген.
"Екі рет кездестік (Қонаевпен - еск.). Өте керемет адам. Сөзі де, басқасы да, көңілі де. Жақсы энергия шығып тұрады. Коллекциясын көрсетіп, кішкентай ғана комната. Былай айтқанда, өте таза адам. Үкіметтің үйі 4 комната, анау сияқты жердің бәрін алып, зауыттарды алып жүрген жоқ. Қайтқан кезінде Назарбаев қоштасқан жоқ қой. Жерлеуіне келген жоқ. Содан көрініп қалды. Өте нашар, содан кейін істегенін қазір көріп отырмыз", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!