Назарбаев гендік деңгейде модификацияланған өнімдерге деген көзқарасының қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бразилия техника жағынан ғана емес, бұл жағынан да алдыңғы қатарда. Мен ол жақта гендік деңгейде модификацияланған өнімдердің қалай жасалатынын көрдім. Онда тұрған ештеңе жоқ, ешқандай химия жоқ. Бұл жаңа өнім. Біз әйтеуір бір күні әсер етеді деп алаңдаймыз - бұл белгісіз. Ал онсыз, мен сіздерге айтайын, бәлкім біреулерге ұнай қоймас, бірақ әлем онсыз тығырықтан шыға алмайды. Гендік деңгейде модификацияланған өнімдер тарала береді, себебі жер бетіндегі адамдарды асырау үшін азық-түлік көлемін үш есеге арттыру мүмкін емес. Тура солай біз бидайға да істейміз: әдетте өзге мәдениеттің гені енгізіледі, не үшін екеніне қарай - майға төзімділігіне немесе ылғалға, болмаса керісінше зиянкестерге қарсы. Сонымен болды. Жаңа бидай шығады. Дәл солай мал шаруашылығында. Біздің осының барлығы қарапайым әрі қалыпты дүние екенін білмейтініміз қорқынышты", - деді Президент.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері президентке жиын-терім шараларының барысы жайында, өңірлердің экономикасындағы істердің жағдайы жайында айтып берді. Елбасы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сұранысын арттырып, агро-өнеркәсіптік секторында ғылыммен айналысу туралы тапсырма берді. Мысал ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Канаданы келтірді.
"Біз неге Канададан 10 есе нашар жұмыс істейміз. (...) 10 есе деген сөз өндіріс өндіретін әлемдегі ең басты бәсекелестеріміздің жанында біз құрдымға кеттік дегенді білдіреді, естеріңде болсын, мен ауыл шаруашылығы біздің өсімнің драйвері болады деп сенемін. Жердегі халық өсіп келеді, оларды асырау керек. Яғни ауыл шаруашылығында сұраныс әрқашан болады. Қазір дағдарыс: темірді алмайды, бидайды алады. Шамасы барлар күніне үш рет тамақтанады ғой. Сондықтан біз аграрлық секторға үлкен назар аударамыз және өздеріңіз де осыны сезуге тиіссіздер", - деді Президент ауыл шаруашылығы өкілдеріне.
Оның ойынша, сондықтан да аграрлық секторда негізгі бағытты дамыту керек - инновацияны. Ол тағы бір мәрте ауыл шаруашылығы саласының кадрларын дайындау мен ғылымды біріктіретін білім беру орталығын құру қажет екенін еске салды.