Елбасы 1 желтоқсан күні Астанада Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне қатысады.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.
Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сонымен бірге, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.
Дереккөз: Tengrinews.kz