- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Назар аударыңыз! Бұл...
Назар аударыңыз! Бұл болмашы 5 қате көлігіңіздің беріліс қорабын бұзады
Көлігіңіздің техникалық тұрғыда дұрыс жұмыс істеуінің арқасында сізге ұзақ қызмет ететіні жасырын емес. Мұндай жағдайда жалақыңыздың тең жартысын темір тұлпарыңызды жөндеуге жұмсаудың қажеті жоқ. Десекте, кейбір жүргізушілер өздерінің қателіктерінінен шығынға батып жатады. Massaget.kz беріліс қорабының бұзылуына әкеліп соғатын 5 қателікті көрсетеді.
Қолыңызбен беріліс қорабының тұтқасын ұстамаңыз
Өкінішке орай бұл көптеген жүргізушілердің әдетіне айналған іс-әрекет. Жолда келе жатып, қолыңызды беріліс қорабының тұтқасын ұстаған кезде біз беріліс қорабын ауыструға тікелей қатысы бар ашасына (вилка) қысым жасайсыз. Ал бір қарағанда қарапайым әрекет болып көрінгенімен, бұл әдеттің салдары ауыр болуы мүмкін.
Тоқтаған сәтте іліністен (сцепление) аяғыңызды алып тастаңыз
Бұл жағдай көбінесе бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған сәтте орын алады. Олар тоқтаған кезде ілінісуді босатпайды. Мұндай қателік қажетсіз қысымға ұшыраған қысқыш мойынтіректі тоздырады. Сондықтан келесі жолы тоқтау қажет болғанда, бейтарап беріліске ауысып іліністі босату маңызды.
Іліністі толығымен босатпау
Мұндай жүру-бұл ілінісу үшін мүлдем қажет емес жүктеме. Бұл жағдайда синхронизаторлар, негізгі цилиндр поршені және жалпы ілінісу механизмі тозады. Әрине, содан кейін қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады.
Қате берілісті қосу
Мәселен жоғары жылдамдықпен жүргенде 5-ке саламын деп 3-ке салып жіберу секілді қателіктер жасаймыз. Газ педальін түбіне дейін басып келе жатқандықтан бұл сіздің беріліс қорабыңызға тікелей әсер етеді. Тіпі маторыңызға да зақым келуі мүмкін.
Аяғыңызды үнемі іліністе ұстап тұру
Көптеген жүргізушілер үнемі аяқтарын іліністен босатпайды. Нәтижесінде ілінісуге үздіксіз қысым жасалады. Бұл тәжірибесіз жүргізушілер арасында жиі кездеседі. Ақыр соңында ілінісу дискісі мен мойынтіректі ауыстыруға тура келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов