Танымал WhatsApp мессенджерінде Динара Закиеваның есімін иемденген жалған аккаунт пайда болды. Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтарды сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"Құрметті достар! Адамдарды алдап, менің атымнан хабарламалар тарату үшін жалған WhatsApp аккаунты ашылғаны туралы ескертемін. Бұл - алаяқтар. Менің жалғыз WhatsApp нөмірім +7 705 884 7040. Менің атымнан басқа нөмірлерден келіп түскен қандай да бір хабарламаларға назар аудармаңыздар", – деп жазды Динара Закиева өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!