БҚО-да жағажайға найзағай түсіп, шетелдік әйел мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
7 шілдеде Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында Ресейден келген 40 жастағы турист қайтыс болды. Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған. Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырған.
"Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын анықтады. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік 7 шілдеде БҚО-да дауыл соғып, қатты жел ағаштарды құлатты, бірнеше үйдің шатырын жұлып әкетті, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!