- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Найзағай, нөсер жаңбыр,...
Найзағай, нөсер жаңбыр, үсік: барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 қыркүйекте еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында наизағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында наизағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
М. Лұқпан