- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Найзағай, нөсер жаңбыр:...
Найзағай, нөсер жаңбыр: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК мамандары ертең, 5 қазанда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар екені ескертілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан