Найзағай, қатты жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Найзағай, қатты жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 26, 27, 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклон жылжып келеді, соның әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

"Алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады", - деп жазылған хабарламада.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күрт өзгермейді: күндіз батыста, солтүстікте және шығыста +18…+28°C, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+38°C болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget