Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!