Синоптиктер Қазақстанда 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь учаскелермен анықталады, сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 маусымда республиканың солтүстігінде, шығысында, орталық және оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда жаңбыр, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болжанды.
"Қазақстанның күрт континенттік климатында қалыптан тыс температура айтарлықтай төмендейді. Температура оңтүстікте, шығыста +20-29 дейін, орталықта +20-33, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23-28 дейін болады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!