- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Найзағай және бұршақ:...
Найзағай және бұршақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Синоптиктер 18, 19 және 20 мамыр күндері ауа-райына болжам жасап, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын ауа-райы сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18,19 және 20 мамырда оңтүстік циклон әсерінен еліміздегі барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
"Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда - 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі", - дейді синоптиктер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы