Найзағай, жаңбыр, үсік: елдің қай өңірінде күн салқындайды?

Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +21…+23.

Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +24…+26.

Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29.

Ақтөбе – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +12…+14.

Ақтау – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен 9–14 м/с, түнде екпіні 15 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +16…+18.

Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +25…+27.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +23…+25.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +9…+11.

Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +25…+27.

Қостанай – бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +3…+5, күндіз +9…+11.

Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +28…+30.

Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +9…+11, күндіз +23…+25.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады 9–14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +10…+12.

Семей – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 5–10 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +25…+27.

Талдықорған – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +26…+28.

Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +28…+30.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +28…+30.

Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +2…+4, топырақ бетінде –2°С дейін үсік, күндіз +13…+15.

Өскемен – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +25…+27.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз