Қазгидромет 16, 17, 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон мен атмосфералық фронталь бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!