Қазгидромет 16, 17, 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңбыр жауады
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон мен атмосфералық фронталь бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы:
- Батыс: түнде +5...+16 градус, күндіз +18...+28 градус.
- Солтүстік-батыс: түнде +1...+10 градус, күндіз +15...+23 градус.
- Солтүстік: түнде +2...+10 градус, күндіз +15...+23 градус.
- Орталық: түнде +2...+11 градус, күндіз +10...+20 градус.
- Шығыс: түнде +1...+6 градус, күндіз +15...+20 градус.
- Оңтүстік: түнде +8...+18 градус, күндіз +15...+25 градус.
- Оңтүстік-шығыс: түнде +10...+18 градус, күндіз +15...+25 градус.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова