- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Найзағай, жаңбыр, бұршақ:...
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: елдің көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Синоптиктер ертең, 25 сәуірде елдің көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.
Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, дауыл. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақмола облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыста кей уақыттарда найзағай, дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан