- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Найзағай, бұршақ, жаңбыр:...
Найзағай, бұршақ, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 3 қыркүйекте түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр күтіледі. 3 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 3 кыркүйекте күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 03 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 3 қыркүйекте найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында секундына 15-20 метр. Қостанайда 3 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. 3-5 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 3-5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 3 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 3 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метр. Шымкентте 3 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел күтіледі, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Түркістанда 3 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел күтіледі, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 25 метр. Петропавлда 3 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Көкшетауда 3 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек