- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Найзағай, бұршақ, дауыл"....
"Найзағай, бұршақ, дауыл". 7 тамызда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 7 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7-8 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 09 тамызда таулы аудандарында найзағай, 7-8 тамызда күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 7-09 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 7-09 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 7-8 тамызда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 7 күндіз, 8 тамызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7-9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. 7 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с.
7 тамызда түнде Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында найзағай кезінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 7 тамызда найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық сақталады. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда кей уақыттарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 7 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 7 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
7 тамызда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қаласында 7 тамызда түнде найзағай күтіледі. 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
7 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 7 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
7 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 7 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі. 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 7 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
7 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 7 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
7 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде 17-22, екпіні 28 м/с. 7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 7 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина