Навальныйдың командасы және Кремль ресейлік оппозиционердің қазасына қатысты пікір білдірді

Навальныйдың командасы және Кремль ресейлік оппозиционердің қазасына қатысты пікір білдірді
Фото: news.ru

Навальныйдың командасы мен Кремль ресейлік оппозиционердің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Навальныйдың командасы қазаны әлі растамады.

Оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Х желісінде "Біздің қолымызда әлі расталған ақпарат жоқ" деді.

"Ямало-Ненецк округіндегі Федералдық қылмыстық атқару қызметі Алексей Навальныйдың ИК-3-те қайтыс болғаны туралы хабар таратып жатыр. Бізде бұл туралы әзірше расталған ақпарат жоқ. Алексейдің адвокаты қазір Харпқа ұшып барады. Бізге қандай да бір ақпарат түссе, біз оны хабарлаймыз", - деді Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш.

Ал Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальныйдың неден қаза болғанын білмейтінін айтты.

"Дәрігерлер анықтауы керек", - деді ол.

Еске салайық, бүгін, 16 ақпанда ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеп жүргенде өзін нашар сезініп, бірден есін жоғалтқан.

Оқиға орнына мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ көмектеспеген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан