Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз