Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды. Марқұмдардың жақындары бұл отбасының ұл-қызы тірі табыларына сенгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, күдікті қалада жалдап тұрған үйдің іргесінен өзінің көрсетуімен құзырлы органдар Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегін қазып алған.
"Екеуінің сүйегін бірінің үстіне бірін тастап көмген көрінеді. Әзірге бейресми дерек бойынша қаскөй Наурызды жазда өлтіріп көмген. Кейін үстіне Мейрамгүлдің мәйітін тастапты", - деп жазылған арна дерегінде.
Туыстарының айтуынша, қаралы отбасының ұлы Наурыз осы үйде, қарындасы мен күйеу баласының қасында болған. Жақындары оны соңғы рет мамырда ғана көрген.
"Тірі шығар деген үмітіміз болған, бірақ "сүйегі табылды" дегенді естіген кезде бізге оңай тиген жоқ. Бірақ сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Қылмыскер келді. Қылмысын мойындап тұр. ...Елге апарып жерлеп, жаназасын шығарып, қызметімізді атқарамыз, тірі адам тірлігін жасайды", - деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың інісі Шалқар Мұқанғалиев.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Күдікті туралы
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz