- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Наурыздан бері Ресейден...
Наурыздан бері Ресейден қанша этникалық қазақ келді?
ІІМ өкілі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат сұраған этникалық қазақтардың саны қанша екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға рұқсат 3999 этникалық қазаққа берілген. Олардың көбі Өзбекстаннан көшіп келген, яғни 2267 адам. Екінші орында Ресей тұр, Ресейден 773 адам келген. Одан кейін Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39) тұр.
Ірі қалаларға, соның ішінде Шымкентке 785, Түркістан облысына 715, Астанаға 702, Маңғыстауға 608, Алматы облысына 526, Алматыға 326 адам қоныстанған.
Айта кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Сондықтан ресейліктер басқа елдерге көшкен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова