1 наурыздан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар KAZ01 Астана - Қарағанды (айналма жол) - Алматы тасжолы Шамалған стансасы айналма жолының 2453-2446-шақырым (42-49 шқ.) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты өзгеріс болады.
1 наурыздан бастап Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін бұл тасжолдың 2448+900-шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады.
"Көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік талаптарына сай келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды. Барлық қажет жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова