Бүгін наурызда өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4 пайызы қазақ тілінде, 25,5 пайызы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш білдірген.
Ең көп таңдалған бейінді пәндер комбинациясы - Математика-Физика, оны талапкерлердің 18,7 пайызы таңдаған. Яғни бұл дегеніміз - болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6 пайызы Биология-Химияны, 10,3 пайызы шығармашылық емтихан пәндерін таңдаған.
Айта кетейік, наурыздағы ҰБТ-ға ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз