Алматыда 14 наурыз күні кешке қарай қалың қар жауып, жолдағы ахуалды қиындатты, тұрғындарды әбіргерге салып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Наурыздың ортасы болғанына қарамастан, Алматыда кейінгі апталардағы ең қалың қар жауды. Ауа температурасы әлі де салыстырмалы түрде төмен – шамамен 1 градус. Ылғалды қар жұмыс күнінің соңында қала тұрғындарының әбірге салып қойды.
Ал "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, Алматыда 14 наурыз сағат 16:00-ден бастап 15 наурыз 04:00-ге дейін жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, оның биіктігі 8-10 сантиметрге дейін жетеді деп болжанып отыр.
Жұмыс күні аяқталар тұста кенеттен жауған қар бірден жолдардағы жағдайды қиындатып жіберді. 11 балдық кептеліс пайда болды.
Такси бағасы да шарықтап өсті. Мәселен, Байтұрсынов көшесі, 63-үйден Алматы Аренаға бару үшін 6000 теңгеден астам ақша төлеуіңіз керек. Тіпті "жолсерікпен" жетудің құны – 5 380 теңге.
Алматылықтардың ауласын да қар басып қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!