“Наурыз мұсылмандардың мейрамы емес“ деген ер адам ұсталды

“Наурыз мұсылмандардың мейрамы емес“ деген ер адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Алматы облысының полициясы Наурыз туралы мәлімдеме жасаған блогерді ұстады. Видеода ол бұл мерекені Қазақстанда тойламау керек екенін айтып, "мұсылмандардың мерекесі емес" деп сипаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"23 наурызда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та жарияланған Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы видео анықталды. Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Видеода ер адам "қазақта Наурыз мейрамы болмағанын, ол парсылардан, отқа табынушылардан келген мейрам екенін" айтады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget