Қазақстанда қымыз өндірісі артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қымыз өндірісі
Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша елде қымыз өндірісі 11,8 пайызға артқан. 2026 жылғы қаңтар-ақпанда 215 тонна қымыз өндірілген, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 23 тоннаға көп.
Шұбат өндірісі
Керісінше шұбат өндірісі 22,2 пайызға азайған. 2026 жылдың алғашқы екі айында 206 тонна шұбат өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 58 тоннаға аз.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 1126 тонна (жыл ішінде 4,3 пайызға азайған), ал шұбат өндірісі 1425 тонна (27,6 пайызға артқан) болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова