- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Наурыз" бағдарламасына қатысу...
"Наурыз" бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек?
"Отбасы банкі" АҚ басқарушы директоры – орталық филиал директоры Жансұлтан Матай "Наурыз" бағдарламасына қатысу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде аталған бағдарлама бойынша қазақстандықтардан 8 945 өтініш қабылданған.
"Наурыз" бағдарламасының негізгі шарттары төмендегідей:
- Алғашқы жарна – 20 пайыз;
- Тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін несие мөлшерлемесі – 7 пайыз;
- Азаматардың барлық санаты үшін несие мөлшерлемесі – 9 пайыз (Халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайтындар үшін).
- Несиенің мерзімі – 19 жыл;
- "Отбасы банкінің" депозитінде кемінде 1 млн теңге жиналуға тиіс;
- Қарыздың ең жоғары мөлшерлемесі Астана, Алматы қалалары үшін – 36 млн теңге, ал қалған өңірлер үшін – 30 млн теңге.
Сондай-ақ берген өтінім бойынша ұпай беріледі. Кім көп ұпай жинайды, сол кісілер үй алуға тізімге енеді:
- Салым бойынша сыйақы мөлшерінің әрбір 1 мың теңгесіне – 1 ұпай;
- Тіркелген некенің болуы – 5 ұпай.
- Балалардың болуы – 10 ұпай (Мұнда балалардың санына назар аударылмайды);
- Баспана кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы деген мәртебе болса – 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жастарға – 5 ұпай.
"Егер қатысушылардың ұпай саны сәйкес келіп қалса, онда тізімге енгізу кезінде салым сомасы кімде көп және кімнің жинақтау мерзімі ұзақ болса, басымдық соған беріледі", - деді Жансұлтан Матай ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін бағдарламаның нәтижесі "Отбасы банкінің" сайтында жарияланады.
Биыл аталған бағдарлама өтінім қабылдау мамыр айының соңына дейін жүргізіледі.
"Қатысушыларды дүрліктірмеу, әбігерге салмау жағын қарастырдық. Сондықтан өтінімдер маусым айының соңына дейін қабылданады әлі 1,5 ай уақыт бар. Бүгінде бағдарлама өтініш тапсырып үлгермеген қазақстандықтарға тағы бір мүмкіндік бар. Себебі, сіз өтінімді бірінші күні бересіз бе, әлді соңғы күні бересіз бе айырмашылық жоқ. Сондықтан асығыстық жасамау керек. Өтінім берер кезде барлық құжатты түгендеп берсеңіз, жөн болады", - деді басқарушы директор.
Сонымен қатар "Наурыз" бағдарламасынан өткен қазақстандықтар пәтерді банктің сайтынан қарай алады.
Бағдарламаға қатысушы пәтерді Baspana Market таңдайды. Үйді сонда брондайды. Бұл қызмет тұрғын үй бағасының жасанды жолмен өсуіне жол бермеуге арналған. Яғни төлем қабілетін растаған қазақстандықтар қаланы аралап, құрылыс компанияларының сату бөлімдеріне барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Барлық үй Baspana Market порталында тұр. Осы үйлердің бірін таңдайды", - деді Жансұлтан Матай.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен