"Наурыз" бағдарламасы: 8 945 өтініш қабылданды

"Наурыз" бағдарламасы: 8 945 өтініш қабылданды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгінде "Наурыз" бағдарламасы бойынша 17 432 қазақстандық өтініш беріп, оның 8 945-і қабылданды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған.

"10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның ішінде 8 945 өтініш қабылданды. Олардың жартысы, яғни 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобынан түскен. Бұл – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылғандар", - деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдарламаға түскен өтініштердің 57 пайызын әйелдер жіберген, ал түскен барлық өтініштің 62 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

"Ең жас өтініш берген азамат – Түркістан облысының тұрғыны. Ол – 18 жаста", - деді басқарма төрағасы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен