- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Наурыз айында ауа...
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан аумағында наурыздың алғашқы аптасы құбылмалы болады.
Еліміздің солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал оңтүстік аймақта наурыздың басы жаңбырмен басталады. Жауынның арты қарға айналып, соның салдарынан тұман, көктайғақ болады деп болжанды.
5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл республика аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы түнде 10...15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді. Батыста оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2...7 градус аязға дейін төмендейді.
8 наурыз күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3...8 градус жылы болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта минус 5 градус аяз болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10...15 градусқа дейін жылынады. Айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.
А. Қажиев