Өзбекстанда науқасты зорламақ болды деп айыпталған жедел жәрдем фельдшері ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Блогер әрі әділет министрінің кеңесшісі Шахноза Соатова өрескел жағдай туралы айтты. Түн ортасы ауған кезде науқастың шақыруымен келген жедел жәрдем фельдшері оған үш укол салған, содан кейін науқас ес-түссіз күйде жатқан.
Басылым мәліметінше, осыдан кейін ер адам әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Ол өзінің ұятсыз әрекеттерін жалғастырғысы келген, бірақ әйел мүмкіндігінше қарсылық көрсетіпті. Ал кейін дәрігер кетіп қалған.
Ташкент Ішкі істер басқармасы осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл жағдайда 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз