- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Науқастар тізімінде қайтыс...
"Науқастар тізімінде қайтыс болғандар да жүр". Елжан Біртанов медицинадағы былықты ашып айтты
Бұрынғы денсаулық министрлі Елжан Біртанов өзі қызмет еткен жылдардағы медицина былығы туралы ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қасқа жол" youtube-арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, министр болған кезде өңірлік ауруханалардан науқастарға берілмеген құны 4 млрд теңге болатын дәрі-дәрмектерді тапқан.
"Өңірлердегі ауруханадарда тиісті дәрі-дәрмектер жетті ме, қалғаны бар ма деген секілді 2018 жылы тексеріс жүргіздік. Бір өңірдің инспекторын өзге өңірге жіберіп, қоймаларды тексердік. Сонда құны 4 млрд болатын дәрі-дәрмектерді таптық. Ойлаңызша, құжат бойынша ендігі аурухананың есебінде жоқ дәрі-дәрмектер, яғни науқастарға берілді деген дәрі-дәрмектер. Бұл не деген сөз? Олардың бәрін ертең жеке дәріханаларға немесе шетелге кетуге дайындап қойған. Біз полиция не Антикор емеспіз. Тапқан көлемнің өзі 4 млрд теңге болып тұр, сонда таппағанымыз қаншама?! Сөйтіп Үкімет төрағасының орынбасарынан тағы рұқсат сұрап, науқастардың тізімімен дәрілерге толық тексеріс жасадық. Тізімде көп науқас жоқ, қайтыс болған, басқа өңірдегі науқастарды кеңейтілген дәрінің көлемін алу үшін тізімге кіргізе берген", - деді ол.
Экс-министр аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да атап өтті.
"Әрі қарай тексерісті жалғастырып 2018 жылы бұл факттердің бәрін бас прокурордың қолына бергенмін. Осы бойынша 28 қылмыстық іс ашылды. Соның біреуі ғана қоғамдық деңгейде шу тудырып, кінәлі деп танылған медбикеге 500 не 1000 теңге айыппұл салды. Басқа қылмыстық істердің бәрін жауып тастады", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы