Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды

Наталья Годунова "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілген. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:

  1. Айдар Қайратұлы Рысқұлов - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  2. Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев- "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,"ҚТЖ" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы;
  3. Елжас Мұратұлы Отыншиев - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  4. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  5. Қуат Қайыргелденұлы  Ирубаев - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  6. Ульф Вокурка - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  7. Александр Андреас Ширхубер - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  8. Джон (Йан) МакКей - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  9. Годунова Наталья Николаевна - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Айта кетейік, Наталья Годунова 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылған болатын. Оның орнына бұл қызметке экс-премьер Әлихан Смайылов келді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!