- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Наталья Годунова жаңа...
Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды
Фото:
gov.kz
Наталья Годунова "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілген.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
- Айдар Қайратұлы Рысқұлов - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев- "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,"ҚТЖ" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы;
- Елжас Мұратұлы Отыншиев - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Қуат Қайыргелденұлы Ирубаев - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ульф Вокурка - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Александр Андреас Ширхубер - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Йан) МакКей - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Годунова Наталья Николаевна - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Айта кетейік, Наталья Годунова 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылған болатын. Оның орнына бұл қызметке экс-премьер Әлихан Смайылов келді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина