Насымжан Оспанова жаңа қызметке тағайындалды

Насымжан Оспанова Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментін басқарып, министрлік жүйесіндегі қызметін жалғастырмақ.

"Жаңа қызметінде Насымжан Оспанова елордадағы білім сапасын қамтамасыз ету және білім беру процесіне қатысушылардың құқығын сақтау бағытындағы жұмысын жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Насымжан Оспанова еңбек жолын өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Оқытушы, директордың орынбасары және колледж басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментін, ал 2022 жылғы қазаннан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетін басқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!