- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Насыбай толы бөтелке"....
"Насыбай толы бөтелке". Алматы облысында екі ер адам колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған
Фото:
polisia.kz
Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.
Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев полиция бөліміне жіберілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан