- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Насвай, снюс": Алматы...
"Насвай, снюс": Алматы облысының тұрғыны тыйым салынған темекі өнімдерін сатқан
Фото:
Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын - "насвай" және "түтінсіз темекі өнімін" белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді", - деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.
Күдіктіден жауап алу үшін аудандық полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адам өз еркімен 400 келі "насвай" және 1000 қорап "снюс" тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина