“Нашар оқитын оқушы сияқтысыз“. Мұнай компаниясының бас директоры депутаттан сөз естіді

“Нашар оқитын оқушы сияқтысыз“. Мұнай компаниясының бас директоры депутаттан сөз естіді
Фото: Видео кадры

Депутат Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньченді сынға алды. Бұл жағдай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" АҚ бас директоры Лю Цзиньченнен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады.

Бұл сауалға бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, бірақ депутат қарсылық білдірді:

"Жоқ, өзі жауап берсін. Ол бас директор ретінде отыр. Жоғары жалақы алады. Лю мырза, ұзақ мерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?"

"Бар", - деп жауап берді ол.

"Қанша?" - деп нақтылады депутат.

Осы кезде көмекшілерінің бірі Лю Цзиньченге жауап беруге көмектесе бастаған. Еділ Жаңбыршин бұған назар аударып, компанияға сұрақтар алдын-ала жіберілгенін жеткізді.

"Дайын емессіз бе? Сізге осы сұрақтарды жібердік қой", - деді депутат.

"Есте сақтау қабілетім нашар", - деп жауап берді Лю Цзиньчен.

Осыдан кейін бас директор көмекшісінің жауаптарын қайталай бастаған.

"Кешіріңіз, екілік алатын оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауар позициялары бойынша жасалғанын, компаниялар қайда орналасқанын, келісім сомасы мен мерзімін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны - алты компания", - деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Депутат компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget