- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Нашақорлар мен жалаңаш...
"Нашақорлар мен жалаңаш ер адам". Ақтаудағы тұрғын үйде біртүрлі жайттар болған
Ақтауда тұрғын үйде тәртіп бұзатындар көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Редакциядан "Ботанический сад" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көмек сұраған. Олардың сөзінше, тұрғын үйде тәртіп бұзатындар көбейген. Тұрғындар дәлел ретінде видео және фотолар ұсынған. Тұрғындардың сөзінше, пәтер жалдап тұратындар біресе жалаңаш жүрсе, енді бірде аула қан-жоса болып жатқан.
"Полицияға 20-ға жуық арыздандық. Бұл бір жылдан бері болып жатқан нәрсе. Біздің үйде риелторлық компания пәтерлерді жалға береді. Тұрғын үйде сұмдық жайттар болып жатады - есірткі іздеген нашақорлар рәзеткелерді сындыра бастаған. есік алдында адамдар ішіп алып, үнемі төбелес шығарады. Кеше ер адам жалаңаш жүр. Оның артында тағы бір адам пышақпен жүгіріп жүр. Аула қан-жоса болып кетті. Ешқандай нәтиже жоқ. Өзіміз де подъезде жүруге қорқамыз", - дейді тұрғындар.
Фото: Lada.kz
Кеше, 3 желтоқсанда подъезде адамдар пышақтасқан. Тұрғындар оқиға видеосын жіберген.
Өңірдегі полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
Полиция мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 16.30 шамасында ер адам көмек сұрап, хабарласқан.
"Оқиға орнына учаскелік инспектор келді. Екі тұрғын мас күйде болғаны және олардың жанжалдасып қалғаны анықталды. Олар бір-біріне арызданбады. 27 және 47 жастағы ер адамдарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, полиция бұл пәтерді жалға алу деректері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тексеру үшін хабарлама жіберілгенін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина