- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нашақор: қалай бір...
Нашақор: қалай бір күнде есірткіге тәуелді болып қалдым?
Нашақордың бет-бейнесі қандай деген сұраққа жауап бере аласыз ба? Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде тіпті әдемі киінген, бет-әлпетінде аса өзгеріс байқалмайтын адам да есірткі қолдануы мүмкін. Есірткіге тәуелді адамның мотивациясы қандай?
Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтар аясында Алматыдағы наркоорталықтың басшысы Сапар Құттыбайұлымен және орталықта ем қабылдап жатқан нашақорлармен сұхбаттасты.
"19 жастамын, Алматы тұрғынымын. Мектеп бітірген соң оқуға түспедім. Колледждің орнына осында тап болдым", - деді бірден ол.
Бұдан 2 жыл бұрын есірткіні алғаш қолданып көрген жігітті мұнда ата-анасы мәжбүрлеп жатқызған.
"Алғаш рет есірткіні бұдан 2 жыл бұрын 17 жасымда қолданып көрдім. Бұл - альфа пвп (есірткі атауы - еск.) болған. Бәрі тосыннан болды. Құрбыммен қыдырып жүргенде көшеден закладка (есірткі салынған пакет - еск.) тауып алдық. Құрбым бұған дейін есірткі қолданып көрген, ал бұл - менің алғаш қолдануым. Сол жерде ол маған ұсынды. Бірінші рет маған қатты ұнады, басым кетті. Келесі күні тағы қайдан табуға болатынын іздедік. Алғашында есірткіні қолданып жүріп жұмыс істеп те, шаруаларымды бітіріп те жүрдім. Бірақ кейін күнде қолданатын болып кеттім. Сөйтіп 3-4 күн тамақ ішпей, тек шегетін болып кеттім. Сол кезде миыма ауыртпалық қатты түсіп кеткендей болды. Көз алдыма түрлі нәрселер елестей берді. Біреу мені өлтіргісі келіп, аңдып жүргендей көрінді. Анам мұны байқап, мені осы орталықта "қамап" қойды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек