Нарколог әйелдердің алкоголизмі туралы мифті жоққа шығарды

Нарколог әйелдердің алкоголизмі туралы мифті жоққа шығарды
Фото: depositphotos.com

Әйелдердің алкоголизмі туралы негізгі мифті маман жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Психиатр-нарколог Руслан Исаев басылымға берген сұхбатында әйелдер алкоголизмінің жазылмайтындығы туралы пікір қате екенін айтты. 

Маманның айтуынша, әйелдердің алкоголизмі ерлердің алкоголизмінен әлдеқайда жаман деген сенім - жай ғана миф.

Оның сөзінше, "Әйел алкоголизмі" және "ер алкоголизмі" деген жеке диагнозы жоқ, сәйкесінше, алкоголизмді емдеу алгоритмі адамның жынысына қарамастан, бірдей жүзеге асады.

Сонымен қатар дәрігер кез келген алкоголь ерлерге қарағанда әйелдер үшін қауіпті екенін атап өтті. Өйткені әйел денесінде оның ыдырауы үшін ферменттер аз және су 10 пайызға көп болады екен.

"Әйелдер әлеуметтік қысым мен стигмаға жиі ұшырайды, сондықтан әйелдер өздерінің тәуелділігін ұзақ уақыт жасырады және ауру өте дамыған кезде ғана көмекке жүгінеді", - дейді нарколог.

Сондықтан әйелдерде алкоголизмді емдеу ерлерге қарағанда қиынырақ және сәл ұзаққа созылатынын атап өтті.

"Бірақ, әрине, барлық алгоритмдер ортақ болғандықтан, әйелдердің алкоголизмі ерлердегідей сәтті емделеді", - деп қорытындылады маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева