- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нариман, Нұриман, Нұрман:...
Нариман, Нұриман, Нұрман: Түркістан облысында 40 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.
Бәйдібектік "батыр ана" бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады. Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген.
"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым", - дейді батыр ана.
Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған. Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы