"Нариман да Lexus-қа лайық!" Париж Олимпиаданың күміс жүлдегеріне тиісті құрмет көрсетілмеді

Желі қолданушылары Париж Олимпиадасында күміс медаль алған қазақстандық спортшы Нариман Құрбановқа тиісті құрмет көрсетілмегенін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ спортының жанкүйерлері қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбановқа 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесі үшін сыйлық беру қажеттігін жазып жатыр. 

Құрбанов Олимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан алғашқы медальді жеңіп алды. Алайда алтынға бергісіз медаль үшін спортшы лайықты құрмет көрмегенін айтады желі қолданушылары. 

"Ол да пәтер, көлік және басқа да марапаттарға лайық. Біздің гимнастика тарихымызда ол тұңғыш жүлдегер", "Әй, жарайсың! Сымбатты, қарапайым чемпионымыз Нариман! Қазақтың көркем гимнастика тарихын алтын әріппен жаздыңыз, бақытты болыңыз", "Эх, бұл жігітке ештеңе тимеген сияқты", "Нариман да құрметке, сыйға лайық. Тарихи медаль", "Нариманға да Lexus берсін" деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!